Әлем

Түркияда жер сілкінісі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы жұма күні Түркияның батысында 5,1 балдық жер сілкінісі тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Орталықтың мәліметінше, зардап шеккендер мен ғимараттардың қирауы жайлы ақпарат жоқ. Цунами қаупі жарияланған жоқ.

Сонымен қатар эпицентр Измир қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 10 км жерде, Эгей теңізінің жағалауында орналасқан, онда 2,5 миллион адам тұрады. Ошақ 5 км тереңдікте жатты