Bugin
Қазақстандық журналист, жиһанкез Руслан Меделбек күз бен қыс мезгілінде саяхаттауға қолайлы 7 елдің тізімін ұсынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
1. БАӘ
Дубайда күзде баға сәл төмендейді, турлардың бағасы адам басына 185-195 мың теңгеден басталады. Дубайға туркомпаниямен барған арзан. Жеке барсаңыз лоукостерлерден арзан билет табуға тырысыңыз. Алматыдан Дубайға күніне бірнеше рейс ұшады. Элит әуе компаниялардан бастап лоукостерлерге дейін бар. Әдетте кез келген елге тур сатып алсаңыз, бұл сомаға ұшақ, отель, трансфер, таңғы ас кіреді. Турлардың көбі жеті түнге есептеледі.
2. ТҮРКИЯ
Қазақстан үшін Түркия басты саяхаттайтын ел болып қала бермек. Мұнда кейінгі кезде бәрі қымбаттап жатқаны айтылады, билет те қымбаттады. Қазір Түркияда туристік маусым аяқталып барады. Сондықтан күз бен қыста өз бетіңізше баруға болады. Сондықтан Түркияға қазір арзан билет тапсаңыз, шығын да аз болмақ. Дегенмен Анталия, Аланияға бір аптаға шамамен 300-350 мың теңге керек. Ал туркомпанияларда тур бағасы 220 мыңнан басталады.
3. ВЬЕТНАМ
Вьетнам - қыста демалуға ең қолайлы жердің бірі. Жыл бойы жаз, жағажай. Бірақ тур бағасы қымбаттау. Күзде барам десеңіз, адам басына 350 мың теңгеден басталады. Ал жаңа жыл қарсаңында 700-800 мың теңгеге шығады.
4. МАЛЬДИВ
Күз/қыста жазды сезінем десеңіз, Мальдивке тартып тұруға болады. Бұл жаққа туркомпаниялар қазір 270 мың теңгеден басталатын турлар ұсынып жатыр. Жаңа жылда турлар қымбаттап, 600-700 мың теңгеден басталады.
5. ЕГИПЕТ
Күзде Шарм-әл-Шейх я Хургадаға барып бір аптаға демалып қайтуға арналған турлар 250 мың теңгеден басталады. Бұл екі қалаға виза керек емес, Каирға барып пирамиданы көрем десеңіз, визаға, турға қосымша ақша қажет. Күн суыта Египетке турлардың да бағасы түсе бастайды.
6. ТАИЛАНД
Таиланд қазақстандықтар арасында хит бағытқа айналып бара жатыр. Бұл жаққа турлар 320-330 мыңнан басталады. Таиландқа да жаңа жыл кезде барса баға шарықтайды. Турлар желтоқсанның соңында 600-700 мың теңгеден басталады. Жаңа жылдан соң баға қайта түседі.
7. ҮНДІСТАН (ГОА)
Қазір Гоа аралдарына бару да арзан. Мысалы, күзде бұл жаққа бір аптаға бір адамға арналған турлар 220 мың теңгеден басталады. Жаңа жылдық турлар 340-350 мыңнан басталады.