Bugin
Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған ресейлік блогер жауапқа тартылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21 жастағы Т. есімді ресейлік жігіт әлеуметтік желіде Қазақстанда жол ережесін бұзып, кейін "рахметін айтқан" соң, мәселесі шешілгені жайлы бейнежазба жарияланған.
Кейін жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері оған қатысты келесі құқық бұзушылық бойынша хаттамалар толтырды: ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы 1-бөлігі бойынша, сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 2-бөлігі мен ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы 1-бөлігі.