БІЛІМ

Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS волейболшылары үздіктердің үздігі атанды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

NIS оқушылары арасында волейболдан дәстүрлі желілік спартакиадада Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS волейболшылары үздіктердің үздігі атанды.

Үш күнге созылған ойын барысында «Үздік шабуылшы» номинациясына лайық деп мектебіміздің 10 «В» сынып оқушысы Ахан Жүсіп марапатталды, ал «Үздік ойыншы» номинациясына 10 «С» сынып оқушысы Нурай Нурсагатова лайық деп саналды.

Зияткерлеріміз Өскемен қаласындағы NIS мектебінің ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді:

- Шырайлы Шығыс Қазақстанның Өскемен қаласындағы желілік спартакиада, өте жоғары деңгейде өтті. Спартакиаданың ұйымдастырушылары Өскемен қаласының зияткерлік мектеп ұжымы Алматы қаласын өте жылы күтіп алды.

Қанша қарсылас дегенмен ойындарда қолдап, спортшылардың көңіл-күйін бірінші орынға қойды. Экскурсия ұйымдастырылды және 2012 жылғы жеңіл атлетикадан Лондон олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакованы шақырғаны барлығына үшін қуанышты тосын сый болды. Жұлдызды қонақпен осы жерде танысып, бір мәз болып қалдық! - дейді 10-сынып оқушысы Әділбек Айсұлу.

Айта кетейік, біздің зияткерлік мектептің қыздар командасы барша NIS оқушылары арасында өткізілген желілік волейболдан спартакиадада жүлделі II-орынды иеленіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Мектеп ұжымы қыздар командасын спартакиадаға дайындаған мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі - Дангылбаев Досан Мухамедрахимович пен ұлдар командасының тренері - Есембердиев Кайрат Хамитовичқа алғыс білдіреді, ал жеңімпаз атанған зияткерлерімізге жаңа белестерді бағындыруда сәттілік тілейді!