Әлем

Ким Чен Ын режимі жойылатын уақыт таяды ма?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Солтүстік Корея жақында әскери күштерін күшейтті. Мәселен, баллистикалық зымырандар ұшырылғаннан кейін КХДР 4 қарашада 200-ге жуық әскери ұшағын аспанға көтерді. Оңтүстік Кореяда бұл әрекетке жауап ретінде жасырын ұшақтар шұғыл түрде аспанға көтерілді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Yonhap News Agency басылымына сілтеме жасап.

Біріккен штабтар бастықтарының (JCS) хабарлауынша, Солтүстік Кореяның ұшақтары аспанда таңғы сағат 11-ден 15.00-ге дейін табылған. Олар елдің ішкі бөлігінде де, батыс және шығыс жағалауларында да орналасты.

КХДР-дың мұндай әрекетіне жауап ретінде Оңтүстік Корея 80-ге жуық жойғыш ұшағын, оның ішінде F-35A ұшағын да аспанға көтерді.

Айта кетейік, Оңтүстік Корея мен Жапонияға қарай жүйелі түрде зымыран ұшыратын Солтүстік Кореяның үздіксіз ядролық сынақтары екі елдің одақтасы саналатын АҚШ-ты алаңдатып отыр. Пентагон басшысы Ллойд Остин егер Пхеньян ядролық қару қолданатын болса, Ким Чен Ын режимі «жоқ болады» деді.

«Америка Құрама Штаттарына немесе оның одақтастары мен серіктестеріне қарсы кез келген ядролық шабуыл, соның ішінде стратегиялық емес ядролық қаруды қолдану қабылданбайды және Ким режимінің жойылуына әкеледі», - деді Пентагон басшысы.