БІЛІМ

Ахмет Байтұрсынұлының мысал-өлеңдеріне оқушылар сахналық қойылым қойды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласындағы  физика-математика бағытындағы NIS ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай  ақын мысалдарының желісі бойынша  «Қырық мысал»   атты   желілік сахналық қойылымдар сайысын өткізді.

Әдебиеттің асыл сөздерін, мағыналық болмысын оқушылардың бойына сіңіру мақсатында ұйымдастырылған онлайн сайысқа Алматы, Қызылорда, Павлодар, Ақтау қалаларының NIS мектептері қатысты.

Сайыс шартына сай аталған мектеп оқушылары Ахмет Байтұрсынұлының «Қырық мысал»  шығармасы негізінде сахналық қойылым қойып, өз мектептерінің youtube арналарына жариялады.

Қазылар алқасының шешімі бойынша бас жүлде иегері Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS, бірінші орын – физика-математика бағытындағы NIS, екінші орынды Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектеп өнерпаздары жеңіп алса, үшінші орын – Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS иеленді.

Оқушылар ұлт ұстазының «Аңдарға келген індет», «Егіннің бастары», «Кісі мен аю»,  мысал-өлеңдері желісінде сахналық қойылым қойған.

Айта кетейік, барлық жеңімпаздарға марапаттау қағаздары пошта арқылы жолданған.