Өнім

«Визуализация»: Алматыда өткен тренингтің ерекшелігі неде?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда Zertteu Research Insitute қоғамдық қоры ақпаратты визуализациялау бойынша бір күндік тренинг өткізді, деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі.

Бір күндік шараға 35 адам қатысуға өтініш жіберген, оның ішінен 18-і іріктелінді. Мәліметті тартымды етіп жеткізуді меңгергісі келетін журналистер, зерттеушілер мен қоғамдық ұйым өкілдері ашық деректер жинау, оны визуализациялау және талдау жолдарын үйренді.

Медиатренер, журналист Есенгүл Кәпқызы деректерді визуализациялаудың құралдарымен таныстырды. Сарапшы, зерттеуші Ғалымжан Оразымбет бюджеттік шығындар мен мемлекеттік сатып алуларға қатысты тың ақпараттар ұсынды.

Zertteu Research Insitute қоғамдық қорының директоры Шолпан Айтенова шараны ұйымдастырудағы көздеген нәтижеге жеткенін айтты.

«Тренингтің мақсаты – қазақша контент жасайтын адамдарға мәліметті визуализациялау жайлы сапалы, тың ақпарат беру. Деректермен жұмыс істеуге қызығатын мамандар сандармен жұмыс істеуді, оны талдап, дұрыс шешім шығаруды білуге тиіс. Сонда ғана оқырманға нақты зерттелген және тексерілген ақпарат ұсына аламыз»,– дейді ол.