Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comПетропавл қаласында 7 мм қар жауып, бір тәулікте 14 жол апаты болды. Бұл туралы қала әкімі Руслан Анбаев әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Әкімнің хабарлауынша, коммуналдық қызметтер бірден іске кірісіп, көшелерді қардан тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Түнде мамандар 130 шақырым магистральды жолдарды ақ ұлпадан тазартты. Шаруаға 23 бірлік техника жұмылдырылған. Тағы 19 арнайы техника жаяу жүргіншілер жолын тазартып, 3 бірлік машина көктайғаққа қарсы материалды төсеумен айналысты. Одан бөлек, 17 бірлік техника беріліп, 30 адам қар шығарып жатыр.
«Жалпы қауырт маусымда қар тазалау жұмыстарына барлығы 154 бірлік техника жұмылдырылмақ. Айта кету қажет, ақ ұлпадан алдымен магистральды жолдар тазартылады. Кейін техникалық жұмыстар қосалқы көшелерде жүргізіледі. Сондай-ақ көктайғақты болдырмас үшін жолдарға құм-тұз қоспасы төселеді»,- деп жазды қала әкімі.
Сонымен қатар ол ауа райына байланысты бір тәулікте 14 жол апаты болғанын, алайда зардап шеккендердің жоғын жазды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61