Спорт
Қазақстан құрамасының мүшесі Сәкен Бибосынов Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатының жүлдегері атанды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
51 келіге дейінгілер арасындағы ширек финалда Бибосынов малайзиялық Гайюм Ариффинді 5:0 есебімен таза жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Нәтижесінде, жерлесіміз сары құрлық бәсекесінде кем дегенде қола жүлдеге ілігіп отыр. Бұл – Қазақстан құрамасының қоржынына жетінші медаль түсті деген сөз.
Сәкен Бибосынов 2021 жылы әлем чемпионы атанды. Сонымен қатар, Токио Олимпиадасының қола жүлдесін еншілеген.