Технология
Marsh Golden хакерлік тобына біріккен 14 жастағы жасөспірімдер Өзбекстанның мемлекеттік органдарының бірқатар сайттарын бұзды, - деп хабарлайды Bugin.kz сайты Podrobno.uz порталына сілтеме жасап.
Marsh Golden хакерлер тобында кәмелетке толмаған алты бала бар. Жасөспірімдердің айтуынша, мемлекеттік сайт киберқауіпсіздіктің әлсіз екенін көрсету үшін бұзылған, кәмелетке толмағандардың жаман ниеті болмаған. Осылайша олар мемлекеттік құрылымдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмек ұсынды.
Podrobno.uz порталының мәліметінше, өз қызметін 2018 жылы бастаған жасөспірімдер бұған дейін де мемлекеттік органдардың сайттарын бұзған. Бір жылдан кейін Marsh Golden мектептегі бағаларын дұрыстау үшін Kundalik.com өзбек білім беру платформасын бұзған.