Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАлматы облысында екі оқушыға шабуыл жасаған ақыл есі кем ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Bugin.kz сайты Алматы облысы Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
9 шілдеде Ұйғыр ауданының полиция бөліміне кәмелетке толмаған екі қыздың ата-анасынан арыздар келіп түскен. Өтініш берушілер Шонжы ауылының қоғамдық дәретханаларының бірінде қыздарына (екеуі де 17 жаста) шабуыл жасап, зорламақ болған белгісіз адамға шара қолдануды талап еткен.
Бүгінгі танда күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілген. Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, екі дерек бойынша ұсталған күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 120-бабының 2-3 бөлігі (зорлауға оқталу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жедел-іздестіру шаралары барысында ұсталған 31 жастағы жергілікті тұрғынның ақыл-ой кемістігінен зардап шегетіні және психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталған. Түпкілікті процессуалдық шешім, факті бойынша тағайындалған арнайы психиатриялық сараптаманың қорытындысы негізінде қабылданатын болады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61