Әлем

АҚШ-тың мұнай компаниялары Украина дағдарысы кезінде рекордтық пайда тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ мұнай өндірушілері энергетикалық дағдарыс, Украинадағы жағдай және басқа да геосаяси оқиғалар аясында 200 миллиард доллардан астам пайда тапқан, - деп хабарлайды Bugin.kz сайты The Financial Times басылымына сілтеме жасап. 

S&P Global Commodity Insights сарапшылары жыл соңында америкалық мұнайды сатудан түсетін пайданың жаңа рекорды тіркелетінін жоққа шығармады.

«Бұл көрсеткіш саланың рекордтық ең табысты алты айын көрсетеді және бұрын-соңды болмаған жылдық бағамды белгілейді», - делінген мақалада.

АҚШ президенті Джо Байден америкалық мұнай алпауыттарының әрекетін айыптап, компаниялар Украина дағдарысынан пайда көріп жатқанын айтты. Ол сондай-ақ нарық қатысушыларын мұнай өндіру қуатын арттыруға шақырғанымен, олар акционерлерге дивиденд төлеуді жөн көрген.