Bugin

Риддер қаласында жылу-электр станциясындағы апатқа байланысты төтенше жағдай жарияланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Риддер қаласында "Риддер ЖЭО" АҚ-да апат болып, салдарынан 22 мың абонент жарықсыз қалды. Қалада төтенше жағдай режимі енгізілді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

5 қарашада сағат 20:00-де "Риддер ЖЭО" АҚ-да күл шығару жүйесіндегі сорғы істен шығып, салдарынан № 1 қазандық агрегатының қосалқы жабдығы апатты түрде ажыратылған. Құрылғыдағы температура +70 градустан +39 градусқа дейін төмендеп кеткен. 

7 қарашадан бастап оқушылар қашықтан оқиды, сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелер жұмысын тоқтатады.

Облыс әкімі Даниал Ахметов түнде шұғыл Риддерге келген. Ол апаттық жағдайды жою жөніндегі штабты басқарады. Сонымен қатар қазіргі уақытта жылу станциясына мамандар тартылуда. 

“Құрметті жерлестер, Риддер қаласында қолайсыз жағдай орын алды. Риддер ЖЭО басшылығы мазуттың сапасын бақыламай, ол сумен араласып, нәтижесінде жылу станциясының қазандықтары уақытша тоқтады. Шұғыл түрде менің басшылығыммен жедел штаб құрылды”, – деді облыс әкімі.

Апатты жағдайды жою үшін "Қазмырыш" ЖШС ЖЭО-ға 20-дан астам қызметкер жіберіп, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына қосымша жабдықтар бөлген. Сонымен қатар Өскеменнен көмек ретінде "Востоквзрывпром" ЖШС-нің 20 қызметкері келді. 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61