БІЛІМ

Алматылық жас мұғалімдер NIS-те бас қосты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жас мұғалімдердің аймақтық форумы өтті. Бұл шара тамыз айында өткен республикалық «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» форумының заңды жалғасы болып табылады.

Алматы қаласының мектептерінен қатысқан 130-дан астам мұғалімге педагогикалық шеберлік орталығы мамандары сабақ құрылымын зерттеу, функционалды сауаттылықты арттыру, оқытуда АКТ-ны тиімді қолдану сияқты маңызды тақырыптар бойынша тренингтер ұйымдастырды.

Форумға қатысқан аймақтық мектеп мұғалімдері шеберлік сағаттарынан алған әсерлерімен бөлісті:

«Форумның жас мамандарға берері мол деп есептеймін. Бұл іс-шара мен секілді мұғалімдер үшін тәжірибие алаңы іспеттес. Себебі біз таңғы уақыттан бері ұйымдастырылып жатқан түрлі тренингтер мен шеберлік сағаттарына қатысып, жұмыс барысында кездесетін түрлі келеңсіздіктерді қалай шешуге болатынын түсініп жатырмыз және өзге де мұғалімдермен пікір алмасудамыз», - дейді «№152 мектеп-гимназия» мұғалімі Гүлзат Бигелдиева.

Барша Алматылық жас мамандардың басын қосқан бұл шара жас педагогтердің шеберлік сағаттарымен жалғасты. Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS-тің мұғалімдері – Акшалов Медет шығармашылық жұмыста аралас техникаларды қолдану туралы тренинг өткізсе, Қауысбаева Мөлдір мен Қартқожақов Рахымжан – домбыра үйренудің оңай әдістері мен жобаларды ұйымдастырудағы шешімдер туралы бөлісті. Ал Жакашев Ержан мен Рысбек Гулим - дене шынықтыру сабағында бағалау түрлері бойынша белсенді жаттығулар, Қамбаева Ботагөз – би өнерінің адам өміріне қажеттілігі туралы, Әбдікерімова Іңкәр мен Қалиева Бахыт – бисерден әшекей бұйымдарын жасау сияқты шеберлік сыныптарын өткізді.

Айта кетейік, «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» форумы - NIS тәжірибесін еліміздің орта білім мектептеріне тарату нәтижесінде жас мұғалімдердің кәсіби деңгейін жоғарылатуға бағытталған іс-шара