Спорт
Қазақстандық боксшы Айдос Ермосынұлы АҚШ-та өткен соңғы жекпе-жегінен кейін комаға түсті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Ербосынұлы комада жатыр», - деді бокс ардагері Дэн Рафаэль.
Супер орта салмақтағы WBA чемпиондық белдігі үшін болған жекпе-жек 5 қараша күні Миннеаполис Армори қаласында өтті. Кубалық кіші Дэвид Морреллмен өткен жекпе-жек 12 раундқа созылып, соңғы 30-шы секундта жеңімпаз анықталды.Бұрын жеңілмеген Ербосынұлы карьерасында алғам мәрте ұтылды.
«TGB Promotions және PBC өкілдері Миннеаполисте Айдостың командасымен бірге жағдайды мұқият бақылап отырмыз. Оның жеке өмірі мен отбасын құметтегендіктен ешқандай мәліметпен бөлісе алмаймыз, бірақ бокс қауымдастығынан оған тілекші болуын сұраймыз», - делінген TGB Promotions және PBC промоутерлерінің мәлімдемесінде.