Bugin

«Қызға қырық үйден тыйым»: Ал ер балаға ше?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақтың тыйымдары ­­– адамды жаман қасиеттерден аулақ болуға үндеп, әдеп пен ізгілікке шақырған тәрбие құралы. Ел ішінде ең жиі айтылатыны – «Қызға қырық үйден тыйым». Алайда ер балаларды 4-5 жасынан атқа мінгізіп, өмірдің оң-солын ерте кезден үйрете бастауының да артында оған артылған үлкен жауапкершілік тұр. Сол себепті оларға да «Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын» деп, жоғары талаптар қойған. Осы орайда Bugin.kz порталы ер жігіттерге арналған тыйымдарды жинап, оқырман назарына ұсынады.

  1. Ұрлық қылып, ұсақ болуға;
  2. Ерсі күлуге;
  3. Ысырапшылдыққа жол беруге;
  4. Сұрамаған адамға ақыл айтуға;
  5. Жігерсіз, ынжық, ез болуға;
  6. Адамға қару, мылтық кезенуге;
  7. Адамды, малды аттауға;
  8. Әлсізге күш көрсетіп, зәбірлеуге;
  9. Әйелге өктем сөйлеуге;
  10. Бөркін теріс киюге;
  11. Дініңе тіл тигізуге;
  12. Дұшпанға сенуге;
  13. Досын сатуға;
  14. Ердің сөзін екі етуге;
  15. Ер-тұрманды аттауға;
  16. Жерді теуіп, сабауға;
  17. Отқа түкіруге, су төгуге;
  18. Өткенге өкінуге;
  19. Өтірік куәлік беруге;
  20. Сараң, пайдакүнем, ұсақ болуға;
  21. Саусағын безеуге;
  22. Табалдырықты басуға;
  23. Таңертеңгі асты тастауға;
  24. Теріс сөйлеуге;
  25. Иесіз үйге кіруге;
  26. Итке ожаумен ас құюға;
  27. Иегін таянуға;
  28. Күш көрсетуге;
  29. Кісі мініне күлуге;
  30. Құдыққа түкіруге;
  31. Қызға қол жұмсауға;
  32. Малға зәбір жасауға;
  33. Мезгілсіз жүруге;
  34. Мезгілсіз ұйықтауға;
  35. Намысын таптауға, т.б. тыйым салынады.

Қазақ дастархан басында ер балаға бас ұстатпаған. Егер ұстаған жағдайда, әкесі қайтыс болады ырымдап, тыйған. Сондай-ақ ер бала әкесі келмей тамақтануға кіріспеген, обата беріп, ас қайырған соң ғана орнынан тұрған. Мұның бәрі ер баланың жастайынан өзінің отбасы мен қоғамдағы рөлін біліп ержетуіне әсерін тигізген.