Әлем
2023 жыл - пандемиядан кейінгі саяхатқа қолайлы жылдардың бірі болады деп күтілуде. Туристік бағыттардың саны артып, ашылған елдер көбейіп келеді. Bugin.kz порталы Traveloffpath.com сайтына сілтеме жасай отырып, 2023 жылдың ең сәнді елдерінің тізімін ұсынады.
Тізімге 2023 жылға бүкіл әлем бойынша туристер белсенді түрде тапсырыс берген төрт ел кіреді. Мұнда турлар жиі сатып алынатын елдер тізімі ескерілмейді.
Бутан – Оңтүстік Азиялық асыл тас
Азияның басқа елдерінің арасында жиі назардан тыс қалатын Бутан - Шығыс Гималайдағы теңізге шыға алмайтын, Қытай мен Үндістанның туристік аймақтарының арасында орналасқан буддистік патшалық. Red Savannah басылымының мәліметінше, Транс-Бутан жаяу жүру жолы да туристер үшін ашылуда.
Францияның жүрегі - Париж
Париж - «кәрі құрлықтың» жүрегі және кез келген еуропалық бағыттың міндетті аялдамасы. Барлығы жарқыраған Эйфель мұнарасын, Belle Epoque ғимараттарын, Елисей алаңдарын, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген ортағасырлық ғимараттармен безендірілген орталықты өз көзімен тамашалағысы келеді. Сондай ақ көптеген көз тартарлық кафелерге бас сұғып, тәтті тағамдардан дәм татып көруді де тізімге қосатындары сөзсіз.
Ежелгі Египет
Осы жазда Египет барлық шекаралық шектеулерді алып тастап, денсаулық жағдайына мән берместен шетелдіктерді кіргізе бастады. Осының арқасында туристер Гизаның Ұлы пирамидасы мен Луксор храмы сияқты таңғажайып ескерткіштерді тамашалай алады.
Сицилия
Жерорта теңізіндегі картада бейнеленген итальяндық «етіктің» ұшына іргелес жатқан ең үлкен арал Сицилия өзінің бай тарихымен әйгілі. Мұнда Дорик стиліндегі грек храмдарының қирандылары бар археологиялық саябақты міндетті түрде тамашалау ұсынылады. Палермо аймағының астанасында Византия шеберлері жасаған әйгілі мозаикалары бар Палатин капелласы бар. Сицилияның шығыс жағалауында Еуропадағы ең белсенді жанартаулардың бірі Этна тауы орналасқан.