Bugin

«Қажет шараны қабылдау қажет»: Тоқаев шахтадағы апат жайлы пікір білдірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысы халқымен кездесуінде «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнында апаттар жиілегені жайлы айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекет басшысы «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнында апаттар жиілеп кеткенін атап өтіп, құзырлы органдар тарапынан бірнеше рет ескерту жасалғанына қарамастан, жағдай жақсармай отырғанын жеткізді.

«Кәсіпорынға кешенді тексеру жүргізу керек. Соның ішінде еңбек қауіпсіздігі мен барлық экологиялық норма талаптарының  сақталуына мән берілуге тиіс. Комбинаттың иесі техникалық жағдайды жақсартуға және жаңғыртуға жеткілікті дәрежеде инвестиция құйғанын анықтау маңызды.

Бәлкім бұл жұмысқа зауыттың жағдайына шынайы баға беретін халықаралық компанияны тарту керек шығар. Мұндай қайғылы жағдай қайталанбауы үшін барлық қажет шараны қабылдау керек. Ең бастысы – азаматтарымыздың денсаулығы мен өмірі», – деді президент.