Bugin

Болат Жәмішев бұрынғы қызметіне қайта тағайындалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Болат Жәмішев Bank RBK директорлар кеңесінің төрағасы болып қайта сайланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазақстан қор биржасына сілтеме жасап.

«KASE, облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Банк "Bank RBK" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына директорлар кеңесінің 2022 жылдың 31 қазанындағы шешімімен директорлар кеңесінің төрағасы болып Б.Б. Жәмішев сайланғаны туралы хабарлама ұсынды» делінген хабарламада.

Бұған дейін Болат Жәмішев 2020 жылдың қазанында Bank RBK директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланған болатын.