Әлем

Адамзат тарихындағы шешімі табылмаған құпия оқиғалар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Адамзат тарихы сан алуан құпиялар мен жұмбақ оқиғаларды жасырады. Кейбір жағдайларда олардың себептері туралы көптеген болжамдар болса, енді кей жағдайда олардың шешімімін табу өте қиын. Bugin.kz порталы  тарихта орын алып, әлі күнге дейін құпиясы ашылмаған даулы оқиғалар тізбегін ұсынады.

fai.kz

fai.kz

Тунгус метеориті

1908 жылы 30 маусымда таңғы сағат жеті шамасында Енисей ойпатының аумағынан үлкен отты шар ұшып өтті. Ұшу сағат 07:15-те тайганың адам қоныстанбаған аймағында 7-10 км биіктікте жарылыспен аяқталды. Соққы толқынын дүние жүзіндегі обсерваториялар тіркеген. Жарылыс нәтижесінде 2150 км² аумақта ағаштар құлап, жарылыс ошағынан бірнеше жүз шақырым жерде орналасқан үйлердің терезе әйнектері қағылады. Оқиғадан кейін бірнеше түн бойы Атлант мұхитынан Орталық Сібірге дейінгі аумақта қатты аспан жарқырап, жарқыраған бұлттар байқалады. Түнде жарықтықтың жоғарылауы бірнеше апта бойы жалғасқан. Тамыз айының ортасына дейін астрономдар атмосфераның мөлдірлігінің төмендеуіне байланысты бақылау жүргізудегі қиындықтарды атап өтеді. Бүгінгі күні сарапшылар, соның ішінде NASA Тунгус метеориты негізінен мұздан тұрды есептейді. Мұны бұл денеден кейінгі (кейбір куәгерлердің сипаттамаларына сәйкес) кемпірқосақ жолақтары, ал құлағаннан кейін бір күнде байқалған түнгі бұлттар дәлелдейді. Дегенмен осы уақытқа дейін құбылыстың барлық маңызды белгілерін түсіндіретін гипотезалардың ешқайсысы қабылданбаған. Оқиға жұмбақ күйінде түсіндірусіз қалған.

pub.wikireading.ru

pub.wikireading.ru

   «Taman Shud» ісі

Әлемдегі ең жұмбақ оқиғалардың бірі ретінде 1948 жылы Аделаида (Австралия) жағажайында белгісіз ер адамның денесінің табылуы туралы қылмыстық іс тіркелген. Іс бірқатар себептерге байланысты үлкен қоғамдық резонанс тудырды. Себебі белгісіз адамның жеке басын да, өлім себебін де анықтау мүмкін болмаған. Оның үстіне шалбарының жасырын қалтасынан біртүрлі «Taman Shud» деген жазуы бар қағаз табылады. Белгілі болғандай, қағаз Омар Хайям шығармаларының сирек басылымынан жыртылған. Сомертон жағажайында болған жұмбақ оқиға - әлемдегі ең жұмбақ оқиғалардың бірі саналады. Бұл оқиға Стивен Кингті «Колорадо баласын» жазуға шабыттандырды.

vk.com

vk.com

Оралмаған экипаж мүшелері

«Мария Селесте» - экипажы белгісіз себептермен тастап кеткен желкенді кеме. 1872 жылы 4 желтоқсанда Гибралтардан 400 миль қашықтықта «Дей Грасия» кемесі арқылы табылды. Елес кеменің классикалық мысалы. Анықталған кезде бортта бірде-бір адам болмаған, ал азық-түлік пен суға және жеке заттарына қол тимеген. Экипаж мүшелерінің қайда кеткені, не болғаны жұмбақ күйінде қалды. Көптеген нұсқалар мен болжамдар айтылды, бірақ олардың ешқайсысы расталған жоқ.

www.ridus.ru

www.ridus.ru

Розуэлл оқиғасы

Белгісіз ұшатын нысанның жерге құлаған ең танымал оқиғасы 1947 жылдың шілдесінде Нью-Мексико штатындағы Розуэлл маңында болды. Ранчо иесі Марк Бразел түнде найзағай кезінде күркіреген дыбысты естіп, жарқыл көреді. Ол бұл нәрсеге қатты мән бермегенімен, үйдің дірілдегенін де байқайды. Таңертең Бразель қойдың жоғалғанын, ал сәл кейінірек өте оғаш материалдардан тұратын түсініксіз фрагменттер болған бос жерді табады.

Әрине, мұның бәрі көпшіліктің қызығушылығын тудырады. Көп ұзамай Розуэлл авиабазасының баспасөз қызметі әскерилер «ұшатын дискіні» қолға алды деген мәлімдеме жасап, қауесеттер тарала бастайды. Диск авиабазаға жеткізіліп, тексерілген. Келесі күні АҚШ армиясының генералы Раими халық алдында «ұшатын дискілер» жоқ екенін, бұл жай ауа райы шары екенін айтқан. Осы сәттен бастап оқиға көптеген қауесеттерге, жаңа мәліметтерге ие бола бастады және уфологтар мен қарапайым адамдардың қызығушылығын одан сайын арттыра түскен.

Розуэлде болған оқиға бүгінге дейін бүкіл әлемдегі шытырман оқиғаларға қызығатын мыңдаған фанаттарды қызықтырады. Ол жайлы бүгінде бірнеше гипотеза бар. Ең танымалы - АҚШ үкіметі мен әскерилері жерден тыс технологиялардың және апатқа ұшыраған табақшадан шығарылған бөтен ғаламшарлықтың бар екенін жасыратыны жайлы. Скептиктердің нұсқасы - жергілікті әуе базасында сынақтан өткен әскерилердің құпия әзірлемелерінің бірі Розуэлл аймағына құлады. Ал, АҚШ Есеп палатасының тергеуінен кейін алға тартқан ресми нұсқада бұл жай ғана КСРО-дағы ядролық сынақтарды бақылау үшін жасалған құпия «Могул жобасының» ұшағы екені айтылады.