Әлем

Зеленский: «Соғыста Ресейге көмектескендер сол істері үшін жауап беруі тиіс»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Киевте және Украинаның алты облысында электр қуатының үзілуі жалғасуда. 4,5 миллионнан астам тұрғын жарықсыз қалды. Олардың көбі Киев пен Киев облысының халқы. «Қиын» жағдай жөнінде Зеленский бейне хабарламада айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Украина билігі энергетика саласындағы жағдайдың бірқатар нұсқаларын пысықтау үстінде. Әр сценарий егжей-тегжейлі қарастырылып жатыр.

«Террористер не қаласа да, не істесе де, біз осы қиын қыстау уақыттан өтіп, қазіргіден жақсы жағдайда болуымыз керек. Олар біздің бүкіл аумағымызды босатуға қазірден дайындалғаны абзал», - деп басып айтты Зеленский.

Зеленский Иранның Ресейге көмектесуін бейбітшіліктен бір қадам алшақ әрекет деп баға берді.

«Егер Иран агрессорға қару-жарақ жеткізбегенде, біз қазір бейбіт өмірге жақынырақ болар едік... Ресейге бұл соғысты ұзартуға көмектескендердің барлығы онымен бірге осы соғыстың салдары үшін жауап беруі тиіс», - деп атап өтті Украина басшысы.