Bugin

«Пышақпен мойнын және денесін бірнеше жерден жарақаттаған» - Іс жеңіл қылмыс деп қарастырылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бес жасар қызының көзінше әйелін қан жоса етіп сабаған. Алматылық Ирина Веденяпина жолдасын өзіне қол көтерді деп айыптады. Бұл жөнінде ол Instagram желісіндегі парақшасына жариялаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Жазбада: «Қызым екеуіміз бір бөлмеде төсекте ұйықтап жатқанбыз. Бір сәтте күйеуім ауызымды жұмып, екінші қолымен мойыныма пышақ тақап бауыздамақ болды. Қарсыластым, еденге құлап қолыма түскен затпен қауіптен құтылудың бар амалын жасадым, бірақ ол сол қалпынан таймай қолындағы пышағымен денемді жарақаттады».

Фото: t.me

Фото: t.me

Келіншек болған оқиғаны кісі өлтіруге оқталу деп санайды, бірақ іс денсаулыққа ауыр зиян келтіру бабы бойынша қарастырылған көрінеді. Ирина жұбайы оған тағы да зиян тигізеді ме деп алаңдайтынын жасырмады.