Қоғам

11-сынып оқитын қызды 7-сыныптан бері өз әкесі зорлап келген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«НемолчиKz» қорының басшысы Дина Таңсәрі Шымкентте 11-сынып оқушысының 7-сыныптан бері туған әкесінен зорлық көріп келе жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

«TikTok-та шымкенттік 11-сынып оқушысы 7-сыныптан бері оны туған әкесі зорлап келе жатқанын айтты. Қыз өзіне екі рет қол салмақ болған, өзі хабарлауға қорқады, көпбалалы отбасыдан шыққан», - деп жазды Дина Таңсәрі.

Дина Таңсәрі жасөспірімнен алған барлық ақпаратты Шымкент қаласы ПД-ға берді. Департаменттің баспасөз қызметі жасөспірімнің жақындары, өзі жыныстық зорлық-зомбылық фактісін жоққа шығаратынын айтып, мәлімдемеге түсініктеме берді.

«Бұл факт ҚР ҚК 122-бабы бойынша «16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас» бойынша Шымкент қ.Қаратау тобының СДТБТ-да тіркелген. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі, оның ішінде бірқатар сараптамалар тағайындалды. Психологтар жасөспіріммен жұмыс істейді. Алайда кәмелетке толмаған қыз және оның ата-анасы полицияға қандай да бір өтініш беруден бас тартып, зорлық-зомбылық фактісін жоққа шығарды. Іс Шымкент қаласы ПД басшылығының ерекше бақылауында», - делінген хабарламада.