Қоғам

«Күлкісі пышақпен ойылғандай»: Ең танымал пластикалық ота құрбандары кімдер?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әйелдердің барлығы мүмкіндігінше жас және тартымды болуды армандайтыны рас. Бірақ пластикалық ота әрқашан кез келген адамды хас сұлу етіп шығаратын сиқырлы құрал емес. Тіпті ең қымбат оталар 100% нәтижеге кепілдік бермейді. Хирургқа бару үшін қыруар қаржы жұмсап, оның есесіне адам танымастай бет-әлпетіне ие болғандар - соның дәлелі. Сыртқы бейнесін өзгерткісі келіп, пластикалық отаның құрбаны болған арулардың өз өміріне өздері балта шапқаны рас. Сондықтан, мұндай қадамға бармастан бұрын жеті рет өлшеп, бір рет кескен абзал.

www.passion.ru

www.passion.ru

Сидней Ром

Актриса, әнші, модель Сидней Ром АҚШ-та пластмасса зауыты иесінің отбасында дүниеге келген. Керемет  мүсіні мен ерекшеліктері оны 70-ші жылдары жұлдызға айналдырды. Жасы келе Сидней пластикалық хирургтардың көмегімен уақытты кері бұруға тырысты.Түрлі инъекциялар мен фильтрлер қабылдап жүріп, ол қорқынышты қуыршаққа ұқсай бастады. Нәтижесінде, Сидней көпшілік алдына шығуды доғарып, әлеуметтік өмірден кетті. Қазір ол итальяндық сәулетші күйеуімен Италияда тұрады.


 umnica-krasavica.ru
Донателла Версаче

90-жылдары Донателла Версаче ағасының қарапайым көлеңкесі болды және Versace сән үйінде кішігірім рөл атқарды. Кутюрьенің қайғылы өлімінен кейін ол сән империясын өз қолына алып, алдыңғы қатарға шықты. Бұл ерекше әйелдің талантын төмендетпестен, бір кездері Донателла мүлдем басқаша көрінгенін мойындаған жөн. Итальяндық ару бірнеше рет бет әлпетінен өзгертуге әрекеттер жасайды. Әрине сән әлеміндегі ең күшті әйелдердің бірі болғандықтан, ол қалай көрінгісі келсе де мүмкіндігі бары сөзсіз. Дегенмен, көпшілік оның жасаған оталарының сәтсіз екенін жасыра алмайды.


 kulturologia.ru
 Джоселин Уайлденштейн

Джоселин Уайлденштейн көптеген өзгерістерге байлығын ысырап етті. Уайлденштейннің пластикалық хирургиясының тарихы ерінге, маңдай бөліктеріне және бет сүйектеріне инъекция жасаудан басталды. Коллаген енгізген соң бет пішінін біраз уақытқа дейін сақтап қалды, бірақ көп ұзамай кері әсер ете бастаған. Хирургтер Джоселиннің бетін толығымен қайта жасап, жағдайды сақтап қалуға тырысқанымен, ешқандай өзгеріс орын алмады.


 ex-press.by
Эльза Паттон

Жұлдыздың пластикалық операцияға дейін фотосуреттерін табу өте қиын, өйткені ол ота жасатуды жас кезінен бастаған. Эльза Паттон 84 жыл өмір сүріп, күлкісімен әлем есінде қалды. Американдықтың ерніне үлкен имплантаттар салынған кездегі пластикалық ота тым сәтсіз шыққан.Кейіннен көпшілік оның күлкісі «пышақпен ойылғандай» деп ашық мазақ етуді әдетке айналдырды. Эльза шамадан тыс сұлу болуға ұмтылуда ең бастысы - уақытында тоқтай білу керек екендігін дәлелдеп берді.


  krauzer.ru
Мег Райан

70-жылдардың аяғында жас Мег миллиондаған кинокөрермендерді өзіне тәнті етті. Актриса үрпиген еріндері мен бетіндегі «шұңқырларын» сақтағысы келіп, 2000-шы жылдардың басында жасымен күресе бастады. Актриса экрандардан және қызыл кілемнен ұзақ уақытқа кенет жоғалып,  қайтып оралған кезде жанкүйерлер оны тіпті танымай қалды. Жұлдыздың еріндері бұрынғыдан әлдеқайда өзгерген, оларға құйылған толтырғыштардың арқасында бет сүйектері көбірек көрінеді. Бірақ бұл енді бәрі білетін және жақсы көретін Мег емес еді.