Bugin
Қостанайда полицейлер қос азаматтығы бар әйелді анықтады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қостанай облысы әкімдігі көші-қон қызметінің басшысы Қайрат Дүтпаевтың айтуынша, қазанда облыс орталығында көші-қон қызметінің қызметкерлері Италия азаматының 2017 жылдан бері азаматтық заңнамасын бұзып келгенін анықтаған.
Әйел шетел азаматтығын алғаны туралы дер кезінде хабар бермегендіктен, 4 қарашада Қостанай қаласының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған соты оны Қазақстаннан шығару туралы шешім шығарған.
Заңға сәйкес, азаматтар өзге мемлекеттің азаматтығын алған сәттен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде ҚР Ішкі істер органдарын немесе шетелдік мекемелерді заңнамалық тұрғыдан хабардар етуі қажет.