Bugin

Украинада 7 мыңға жуық адам із-түзсіз жоғалған - Украина Қорғаныс министрлігі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украинада 7 мыңға жуық адам із-түзсіз жоғалған деп саналады. Бұл туралы телемарафон эфирінде Украина қорғаныс министрінің орынбасары Анна Маляр мәлімдеді, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы.

Сонымен бірге, ол ұрыс аймағынан тікелей келетін кез келген санның әрқашан нақтыланып отыратын атап өтті, өйткені қаза болғандар мен хабарсыз кеткендер туралы барлық мәліметтерді беруге міндетті командирлер бірінші кезекте жауға төтеп беруге қатысады.

«Бұл ақпарат, біріншіден, кейде кеш беріледі, екіншіден, кейбір сандарды нақты анықтау физикалық тұрғыда мүмкін емес. Сондықтан, алдымен шартты есептеу әдістері қолданылады, кейін бұл сандардың барлығы нақтыланады», - деп түсіндірді Анна Маляр.

Еске сала кетейік, 20 қазанда Украина мен Швейцария із-түзсіз жоғалғандарды іздеуде ынтымақтастықты нығайту туралы келісімге қол қойған болатын.