Bugin
Қаржы студияны жасақтауға, қосымша жұмысшыларды жалдауға жұмсалады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Хабар» телеарнасының өтінімі бойынша 63 млн теңге ұсынылды, - деді Щегорцова ОСК отырысында.
Дебат 11 қарашада «Хабар» телеранасының тікелей эфирінен көрсетіледі. Оған президенттікке үміткер Қарақат Әбден, Нұрлан Әуесбай, Жигули Дайрабай, Мейрам Қажыкен, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың орнына қоғамдық штабтың басшысы, мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов және Салтанат Тұрсынбекова қатысады.
Телеарна өкілі бұл ақшаның қайда жұмсалатынын түсіндірді.
«Бұл қаржы студияны жасақтауға, тікелей эфирді ұйымдастыруға, қосымша қызметкерлерді жалдауға жұмсалады. Бұл бағдарламаны ұйымдастыру «Хабар» телеарнасының жоспарына кірмеген. Шығын ОСК шығысының сметасында көрсетілген. Заңға сәйкес, ОСК-да дебат өткізе алады», - деді «Хабар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дәулетхан Жиенқұлов.
Кезектен тыс президент сайлауын өткізуге жалпы сомасы 20,5 млрд теңге бөлінген.