Bugin

Жыл соңына дейін 28 мың адамның несиесі толық кешірілетін болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

28 мың қазақстандықтың микроқаржы ұйымдарына қарызы кешіріледі, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Мәжіліс депутаттары несиеге қатысты ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне  жолдаған сауалға агенттік төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахманов қандай жұмыстар атқарылып жатқанын айтты.

Агенттік кепілсіз онлайн микрокредит беру сегментіндегі 30 микроқаржы ұйымынан азаматтардың проблемалық микрокредиттерін азайту жөніндегі жеке жоспарларын талап еткен.

2022 жылдың соңына дейін микроқаржы ұйымдары 33,1 миллиард теңге сомасына 432 мың қарыз алушының проблемалық берешегін қайта құрылымдауды жоспарлаған. Ал 107 мың қарыз алушының 0,8 миллиард теңгесі ішінара, ал 28 мың адамның несиесі толық кешіріледі, - дейді Нұрлан Әбдірахманов.

Агенттік өкілінің мәліметінше, 2022 жылдың 1 қазанына дейін микроқаржы ұйымдары 285,5 мың қарыз алушыға қатысты проблемалық берешекті төмендету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырған. Соның ішінде негізгі борыш пен сыйақы бойынша 66,4 мың қарыз алушының 585 миллион теңге берешегі, 756 миллион теңге тұрақсыздық айыбы толық және ішінара кешірілген.