БІЛІМ

Зияткерлік сахналық қойылым жеңімпаздары атанды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS оқушылары Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ұйымдастырылған ақын мысалдарының желісі бойынша «Қырық мысал» атты Назарбаев Зияткерлік мектептері арасындағы сахналық қойылымдар сайысында I орынға ие болды.

Оқушылар Ахмет Байтұрсынұлының «Егіннің бастары» атты мысал өлеңіне сахналық қойылым құрған.

Балаларды сахналық қойылымға дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі - Қаратай Құлпырған Халмурзақызының айтуы бойынша жарыстың сахналық қойылым форматында өтуі оқушылар үшін өте қызықты болған:

«Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларын насихаттауда желілік жарыстың үлесі зор болды. Оқушылар қойылымның мағынасын көрерменге жеткізе білді деп ойлаймын. Конкурска дайындық 2 апта көлемінде жүрді. 7-сынып оқушылары  конкурсқа қатысу арқылы ұлт ұстазы А. Байтұрсынұлы шығармаларына бір табан жақындады деп ойлаймын»,- деп бөлісті оқытушы.

Айта кетейік, аталған жарыс зияткерлік мектеп оқушылары арасында алғаш рет ұйымдастырылып отыр.