Bugin
Украина қарулы күштері қоршауға алынған Лисичанск қаласындағы «Восток-Ахмат» шешен дивизиясына шабуыл жасады. Ұрыс барысында 30-дан астам адам қаза тауып, 15-ке жуық адам жарақат алған. Бұл туралы «Стопкор» хабарлады.
Бас штабтың хабарлауынша, Рамзан Қадыровтың бұйрығымен 2022 жылдың қыркүйегінде құрылған Ресей Қарулы Күштерінің «Восток-Ахмат» батальонының бөлімшесі өрттен зардап шекті.
Сарапшылар «Қадыровшылар» Ресей армиясының ең қорқынышты бөлігі деген беделін сақтап қалуға тырысқандықтан, өздерінің шығыны туралы ақпаратты жарияламауға тырысып жатқанын атап өтті. Алайда, Украина аумағындағы соғыс кезінде сапасыз үгіт-насихат материалдарын түсіріп,ұрыс барысында ешқандай үлес қоспағандықтан дәл осы топ «тик-ток әскерлері» деген келемеж атақ алған болатын.