Bugin

Қазақстандықтар 71 млрд теңгеден аса онлайн қарызын қайтармаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кепілсіз тұтынушылық кредит алған азаматтардың уақытында қайтармаған берешегін коллекторлық агенттіктерге беруге заң арқылы тыйым салынуы мүмкін деп хабарлайды Bugin.kz порталы Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тұрғындардың құқығын қорғау үшін жаңа талап енгізілетінін хабарлады. Агенттік кепілсіз кредиттің көбеюіне байланысты онлайн несие беруді 45 күнге 50 АЕК-ке, яғни 153 мың теңгеге дейін шектеуді жоспарлап отыр. Өйткені елде 50 АЕК дейін онлайн несие алып қайтармай жүргендер 380 мыңға жеткен.

Жалпы биыл сегіз айда 434 мың азамат қарызын 90 күн өтсе де қайтармаған. Олардың берешегі 71 млрд теңгеден асқан. Қазір Қазақстанда 230 микроқаржы ұйымы бар. Оның отызы тұрғындарға онлайн несие береді.