Bugin

Өскеменде мектеп директоры мұғалімді еден жууға мәжбүрлеген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгінде мұғалімдерді міндетіне жатпайтын жұмыстарға тарту мәселелері азаймай тұр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дауенов мәлімдеді.

Педагогтерді мұғалімге тән емес функцияларға тарту проблемасы да өзектілігін жоғалтпай тұр. Бүгінде біздің департаменттерде барлығы 182 факті тіркелген. Оның 93-і бойынша әкімшілік іс қозғалса, 100 факті аумақтық департаменттер жанындағы консультативтік кеңесші органдарда қаралып жатыр, - деді комитет төрағасы.

Комитет төрағасының айтуынша, осы аптада өз атына ШҚО Өскемен қаласы №46 мектебінің педагогінен арыз түскен.

Мектеп директоры мұғалімді еден жууға мәжбүрлеген. Қазір осы факті бойынша тиісті жұмыс жүріп жатыр. Мектеп басшылығының кінәсі дәлелденген жағдайда әкімшілік жаза қолданылады, - деді Ернұр Дауенов.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61