Әлем

Қытай Еуропалық кеңес басшысының үндеуі жазылған бейнежазбаны «қабылдамады»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бейнеролик Шанхайдағы Қытай халықаралық көрмесінің ашылуында көрсетілуі керек еді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Униан ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Қытай билігі Еуропалық кеңес басшысы Чарльз Мишельдің үндеуін көрсетуден бас тартты. Видеода еуропалық саясаткер Ресей Федерациясын сынап, Пекинді Мәскеуге ықпал етуге шақырған.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Қытай төрағасы Си Цзиньпин де бар бейнеролик Шанхайдағы Қытай халықаралық көрмесінің ашылуында көрсетілуі керек болған.

«Президент Мишель форумда сөз сөйлеуге шақырылды... Қытай билігінің өтініші бойынша біз алдын ала жазылған хабарламаны бердік, бірақ ол көрсетілмеді. Біз бұл мәселені әдеттегі дипломатиялық арналар арқылы шештік», - деп мәлімдеді еуропалық саясаткердің баспасөз хатшысы Баренд Лейтс.