Bugin
Қазақстандық парадзюдошы Ақмарал Науатбек Әлем чемпионатында алтын медальға ие болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Сайт мәліметінше, Ақмарал Науатбек Әзербайжан астанасы Баку қаласында парадзюдодан өтіп жатқан Әлем чемипонатында жеңіс тұғырына көтерілді. Ол 48 келі салмақ бойынша шешуші кезеңде франциялық Аурериес Мартинет Сандринді жеңіп, Әлем чемпионы атанды.а
Еске сала кетейік, бұл - тәуелсіз Қазақстан тарихындағы дзюдо спортынан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының алғашқы алтын медалі.