Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАстаналық полицей суға батып бара жатқан адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Хабар 24"-ке сілтеме жасап.
Арна дерегінше, оқиға таңертең Сарыарқа даңғылында болған.
Взвод командирі Самат Сәбит патрульдік полиция экипажымен уақытында келеді. Капитан бушлатты тастай сала, суға батып бара жатқан адамға көмектесу үшін мұз суға жүгірді. Су жағасында серіктестері мен жедел жәрдем бригадасы күткен.
51 жастағы ер адамның мұндай қадамға не үшін барғанын құқық қорғау органдары анықтап жатыр.
Құтқарушы - полицей Самат Сәбит төрт бала тәрбиелеп отыр. Осы қызметте 10 жылдан астам жұмыс істеп келеді.
«Шақыруға жедел әрекет етіп, азаматты судан шығарып, медициналық көмек көрсетті. Содан кейін оны жедел жәрдем бригадасына тапсырды», - деді аға лейтенант Ринат Мұхамеджанов.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61