Bugin
Мәжіліс депутаттарының кезекті отырысы Ленин атындағы шахтада қаза тапқан кеншілерді бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Отырысты ашқан мәжіліс спикері Ерлан Қошанов барлық депутаттық корпус атынан қайтыс болған кеншілердің отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтатынын жеткізді.
«Осыған байланысты қазаға ұшыраған азаматтарымызды бір минут үнсіздікпен еске алуды ұсынамын», - деді Қошанов.
Бұған дейін 3 қарашада Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы шахтада апат болып, бес кенші көз жұмғаны хабарланған.