Қоғам
Президенттікке үміткер саналатын Жигули Дайрабаев Мұхтар Тайжанға видео жолдады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Мұхтар айналайын-ай, сенде ұят бар ма? Сен мені аға деп жүрген адамсың ғой. Енді сен менің Президенттікке кандидатқа түскеніме ішің жарылып бара жатыр ма? Пысық болсаң, ақылды болсаң, өзің нәғып түспедің?
Елдің бәрін бұзып, іріткі салдың. Сенің жүрген жеріңе шөп шыға ма? Сенің менде нең бар? Адамгершілік болу керек қой. Мұхтар Тайжан бір жерді оңдырып кетті дегенді естімеппін. Сен Назарбаевтың ақ үйінде де жұмыс істедің ғой. Былтыр жер мәселесі бойынша республикалық комиссияға өзің кірдің сұранып. Ол комиссияда сен меннен ұтылдың. Намысың бар болса, нең бар? Қайта қуанбайсың ба? Қарапайым ауылдан шыққан азамат президенттікке таласып жатқанына…
Ауыз менікі деп оттай бересің бе? Демократия деген оттау ма? Сұрағың болса кел өзіме!»,- деп ашуланды Дайрабаев.