Bugin

Астанада ер адам автобус аялдамасында қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Астанада ер адам автобус аялдамасында қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Сайт мәліметінше, 9 қарашада сағат 8:20 шамасында "102" каналына Бөгенбай батыр даңғылындағы "Көктем СҮ" аялдамасынан адамның мәйіті табылғаны туралы қоңырау келіп түскен.

«Оқиға орнына келгеннен кейін факті расталды. Полиция қызметкерлері 51 жастағы ер адамның мәйітін анықтады. Денесінен зорлық белгілері анықталмады. Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды» делінген хабарламада.