Қоғам

Президенттікке кандидаттар арасындағы дебатқа Тоқаев не себепті қатыспайды?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Президенттікке кандидаттар арасында өтетін дебатқа Қасым-Жомарт Тоқаев неге өзі қатыспайды? Мәжілістің жалпы отырысынан кейін журналистер бұл сауалды палата төрағасы Ерлан Қошановқа қойды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Президент өз өкілеттілігін жалғастырып жатыр. Жұмыс кестесі өте тығыз. Президент болу деген – ол мемлекеттің бүкіл тағдырына, ішкі және сыртқы саясатына жауап беру. Ал сыртқы саясатта іштегі мәселелерді, үгіт-насихат жүргізуін күтіп отырмайды. Жауапкершілік өте зор», - деді Ерлан Қошанов тілшілерге.

Мәжіліс спикері үміткердің дебатқа штаб атынан өз өкілін жіберуі ешбір заңға қайшы келмейтінін атап өтті. Сондай-ақ, Ерлан Қошанов Парламенттегі жұмысы мен штабтағы жұмысын қатар алып жүруге үлгеретінін жеткізді.

Айта кетейік, сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайыс «Хабар» арнасында 11 қарашада өтеді.