Bugin

«Елестер үйі»: Соғыс алаңындағы жұмбақ оқиғалардың құпиясы қандай?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мистика тек кинода ғана болмайды, шынайы өмірде де кездеседі. Мәселен, тарихи құжаттарда соғыс кезіндегі көптеген түсініксіз оқиғалар жазылған: жұмбақ жағдайда адамдар, танктер, ұшақтар мен кемелер жоғалып кеткен. Bugin.kz порталы майдан даласында болған тылсым оқиғалардың тізбегін ұсынады.

Diplomat қонақ үйі

Филиппиннің Багио қаласындағы Diplomat қонақ үйі 1900 жылдардың басында монастырь болды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жапон сарбаздары монастырға басып кіріп, барлық діни қызметкерлер мен монахтардың басын кесіп тастады. Олар ғимаратты әскери санаторийге, соғыстан кейін қонақ үйге айналдырды.

Алайда келушілер қонақ үйдің қабырғаларынан қара фигуралар мен ақ киімді әйелдің елесін көргендерін жиі айтқан. Олар сондай-ақ түн ортасында айқай-шу мен жылаған дыбыстар естіген. Қазіргі таңда қонақ үй қараусыз қалды, дегенмен елестер үйі аңшылар үшін тамаша орынға айналды.

3000 Қытай сарбазы

1937 жылы жапон-қытай соғысы кезінде қытайлық сарбаздардың бүкіл дивизиясы із-түзсіз жоғалып кетті. Қытай генералы Ли Фу Ши жапондардың Нанкинге шабуылын тоқтату үшін 3000 жауынгерден тұратын дивизия жіберді. Таңертең қолбасшы бірде-бір сарбаздың жоқ екенін көреді. Түнде соғыс болды деп ойлайын десе, не ұрыстың ізі, не мәйіттер де жоқ. Сонымен бұл оқиға жұмбақ күйінде қалады. Соғыстан кейін Қытай үкіметі оқиғаны тергемекші болғанымен, нәтижесі қалады.

Бассыз әйел

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде АҚШ армиясы Галапагос аралдарында база құрды. Аңыз бойынша, базада сарбаз бен оның әйелі өмір сүрген. Бір күні сарбаз әйелінің өзін алдағанын біліп, оны жартастан итеріп өлтіреді. Бұл қаншалықты қорқынышты көрінгенімен, одан әрі тіпті жантүршігерлік оқиға болады. Келіншек құлаған кезде басы тастардың арасына түсіп, басы денесінен бөлек кесіліп қалады. Сарбаз қылмысын жасырған. Алайда әйелдің жаны әлі күнге дейін аралды аралап, түнде жалғызбасты ер адамдардың көзіне көрінеді деген сыбыс бар...