Bugin
Бүгін Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Көпен Әмірбек 72 жасында дүниеден озды деп хабарлайды Bugin.kz порталы turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
Көпен Әмірбек 1950 жылы 29 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданына қарасты Ешкіқора елдімекенінде дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң Отырардағы халық театрында еңбек жолын бастаған.
Көпен ӘмірБек «Қымызхана», «Тамаша» ойынсауық отауының белсенді авторы ретінде, сондайақ өзі құрған «Көпен келе жатыр!…» атты сатиралық театрымен көрерменге кеңінен танылды.
Саяси сатиралық «Ара-Шмель» журналында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, Бас редактор, ғылыми-техникалық «Білім және еңбек» журналында жауапты хатшы, «Қазақ әдебиеті» газетінде сатира және юмор бөлімінің меңгерушісі, «Егемен Қазақстан» газетінде фельетон бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Жоғарғы сотында баспасөз хатшысы, Қазақ радиосында бас редактор болып қызмет істеді.
Президент гранты мен «Парасат» орденінің иегері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.