Bugin

Қостанайда жоғалған қыздың өлі денесі табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қостанай облысында жоғалып кеткен тұрғынның өлі денесі даладан табылды, - деп хабарлайды bugin.kz порталы.

Бұл туралы алғаш болып  еріктілер әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Полиция да бұл ақпаратты растаған.

"Бүгін сағат 15.00-де полицейлер далада іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде жоғалған қыздың мәйітін тапты. Полиция іздестіру жұмысы 3 қарашада анасы полицияға жүгінген кезде басталған", - деді Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Қыз жоғалған күні соталды тергеу бастау туралы іс жүргізу шешімі қабылданған. Қазір өлім себебін анықтайтын сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Галина Галкина 3 қараша сағат 17.00-де Қарабалық ауданы Боскөл ауылындағы Қазпошта ғимаратынан шығып, жоғалып кеткен. Қыз жоғалған күні соталды тергеу бастау туралы іс жүргізу шешімі қабылданған. Қазір өлім себебін анықтайтын сот-медициналық сараптама тағайындалған.