Спорт

Назым Қызайбай Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық Назым Қызайбай бокстан Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалында 4:1 есебімен жеңіліп қалды, - деп хабарлайды bugin.kz порталы .

50 келіге дейінгі салмақта ол жапониялық Намики Цукимимен кездесті. Жекпе-жек нәтижесінде 4:1 есебімен жапон боксшысының жеңісімен аяқталды.

Осылайша, ол құрлық біріншілігінің қола жүлдесін қанағат тұтты.

Еске салайық, Назым Қызайбай Әлем чемпионаттарында (2014, 2016) және Азия чемпионатында (2021) жеңіске жеткен болатын.