Bugin

АҚШ Украинаға қаржылай көмек көрсетеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Америка Құрама Штаттары Украинаға тағы 25 млн доллар көлемінде көмек көрсетеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Қаражат алдағы қыс мезгілінде халыққа демеу болу үшін жұмсалмақ. АҚШ-тың Халықаралық Даму агенттігі гуманитарлық көмектің алдағы уақытта да өз жалғасын табатынын мәлімдеді. Бұған дейін де бұл агенттік Киевке аймақтағы жылумен қамтамасыз ету нысандарына 55 млн доллар және 216 млн доллар гуманитарлық көмек ұсынғанын хабарлаған еді.

- Алда қыс мезгілі. Халықтың қуат көзіне зәру екені анық. Ресей Украинаның энергетикалық инфрақұрылымына шабуылын жалғастырып жатыр. Біз Украина халқының жаурап, аш отыруына жол бермейміз. Сондықтан АҚШ-тың Халықаралық Даму агенттігі аймаққа 25 млн доллар бөлетін болады, - деді АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Линда Томас-Гринфилд.