Bugin

Елорда тұрғынын мойнынан қылқындырып, тонаған шетелдік ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елорда тұрғынын мойнынан қылқындырып, тонап кеткен шетелдік ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сілтеме жасап.

Полиция басқармасына Астананың 60 жастағы тұрғыны 690 мың теңге сомасында ақшасын ұрлап кеткені жайлы арызданған. Тергеу барысында ер адамның ақшасын кешкі уақытта тамақтанатын мекемеден ішімдік ішіп шыққанда жоғалтқанын анықтаған. Белгілі болғандай, мекеме қызметкері келушіге қызмет көрсету кезінде оның сөмкесінде қолма-қол ақша бар екенін байқаған. Ақшаны иемдену мақсатында ол келушінің артынан еріп, жақындағанда мойнынан қылқындыра бастаған. Кейіннен қаскүнем ер адамның қолынан сөмкесін жұлып алып, қашып кеткен. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы ауданының жедел қызметкерлері Қарағанды қаласында тонау қылмысына қатысы бар күдікті азаматты ұстады. Ол Өзбекстан Республикасының 28 жастағы азаматы болып шықты. Ұсталған ер адам мойындау көрсетпелерін берді,- делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азаматтың Астана аумағында жасалған басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығы тексерілу үстінде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.