Жуырда DAZN стриминг қызметімен келісімшартқа отырған қазақстандық боксшы Геннадий Головкин өзінің GGG Promotions компаниясын дамыту туралы айтып берді, - деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.
Үш жылдық келісімшарт бойынша қазақстандық алты жекпе-жек өткізеді. Оның үстіне 2020 және 2021 жылдары Головкин GGG Promotions боксшылары үшін DAZN-де төрт бокс кешін ұйымдастыра алады.
– Жауапкершілік бар, өйткені мен DAZN-ге промоутерлік компаниямды әкеліп отырмын және өз жігіттеріме бокс әлемінде дамуға көмектескім келеді.
– Жас боксшыларды дамыту бұрыннан жоспарыңызда болды ма?
– Мұндай ой әрдайым болды. Соңғы жекпе-жектерден кейін тәжірибеміз мол екенін түсініп, басқа жігіттермен білгенімізді бөліскіміз келді.
– Қазір чемпион болып көргеннен кейін өзіңіз кезінде білмеген дүниелерді жас боксшыларға үйреткіңіз келе ме?
– Бокстың дәл қазіргі жағдайына қатысты тәжірибе мол. Мен өткен мен болашақ туралы айтқым келмейді. Қазір бізде бар ақпаратпен бөлісіп, кеңес береміз. Мұндай білімге құштар жігіттерді күтемін, үйретуге қарсы емеспін. Жарамды ұсынысы бар жігіттерді қарастырамыз, тек, ұятқа қалдыратындар керек емес. Шынымен жұдырықтасуға ынтасы бар үздік боксшылар келсін.