БІЛІМ

Қазақстандық екі университет Азиядағы үздік 100 университеттің қатарына кірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін QS жоғары білім беру саласындағы халықаралық талдау агенттігі Азиядағы ең үздік университеттердің он бесінші жыл сайынғы тізімін жариялады. Үздік азиялық жоғары оқу орындарының тізбесінде еліміздің 32 университеті бар, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Рейтингке 760 университет кірген. Оған алғаш рет Орталық Азияның жоғары оқу орындары қатысуда. QS Asia University Rankings 2023 ТОП-100-рейтингіне Қазақстанның 2 жоғары оқу орны – Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті кірді. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 44-орынды иеленіп, үздік азиялық жоғары оқу орындарының топ-50 тізіміне енсе, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ 96-орынға орналасты. Қазақстан Орталық Азияның басқа елдеріне қарағанда рейтингте көш ілгері. 

Жалпы, 32 қазақстандық ЖОО Азияның үздік университеттерінің өңірлік рейтингінде ұсынылған.

Азияның үздік 3 жоғары оқу орны деп Пекин университеті, Сингапур Ұлттық университеті және Цинхуа университеті танылды.

Рейтингтегі жоғары оқу орындарының саны бойынша Қытай, одан кейін Үндістан мен Жапония көш бастап тұр.