Bugin

Қазақстанда уақытша тұрып жатқан ресейлік 1,6 млн теңгесін алаяққа аударып жіберген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақмола облысында валюта айырбастаудың «тиімді» жолын ұсынып, ресейліктің 1,6 млн теңгесін аудартып алған күдікті іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қосшы қаласының полиция бөліміне Целиноград ауданында уақытша тұрып жатқан Тюмень облысының тұрғыны - Ресей Федерациясының азаматынан өтініш келіп түскен. Әйел 3 қарашада Telegram әлеуметтік желісінің чаттарының бірінде тиімді бағам бойынша рубльді теңгеге айырбастау туралы хабарландыруды көрген. Алғашқыда мәміле сәтті өткен. Өтініш беруші хабарландыру авторымен байланысып, 72 мың рубльді теңгеге айырбастаған. Кейінірек ер адаммен кезекті валюта айырбастау туралы келісе отырып, жәбірленуші алаяқтың шотына 237 500 рубль (1,6 млн теңге) сомасында ақша аударған. Осы қолма-қол ақшаны алған алаяқ өзінің құрбанымен арасындағы жалғыз байланыс құралы болған Telegram арнасын өшіріп тастаған.

Қосшы қаласының полиция бөлімі осы факті ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу бастаған. Қазіргі уақытта күдікті адамды анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.