Әлем

Қырғызстанда вейп пен электрондық темекіге тыйым салынуы мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қырғызстанда азаматтардың денсаулығын сақтау, электрондық темекіні және никотин жеткізудің электрондық жүйелерін пайдалану салдарынан туындайтын ауруларды азайту мақсатында депутаттар ел аумағында пайдалануға тыйым салуды ұсынды. Тиісті заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап

Өздеріңіз білетіндей, электронды темекі құрамында никотин мен хош иістендіргіші бар аэрозоль түзеді. Хош иістендіргіштердгіе әр түрлі иістер өнімді тартымды етеді. Олар улы болып келеді. Вейп немесе электрондық темекі аэрозолы, яғни газдағы бөлшектердің суспензиясы кәдімгі темекі сияқты өкпеде қысқа мерзімді қабыну реакциясын тудырады. Ингаляциялық аэрозоль микробөлшектері альвеолаларды тітіркендіреді және демікпе ұстамасын тудыруы мүмкін.
Электрондық темекі аэрозолының салдары иммундық жүйені төмендетеді және тұмау, COVID-19 және басқа да респираторлық ауру қоздырғыштарына сезімталдықты арттырады. Аэрозоль тамақ пен көзді тітіркендіріп, жөтел және бас айналуы мүмкін. Аэрозоль құрамындағы никотин артерияларды тарылтып, оның салдарынан инфаркт болуы мүмкін.
Никотинсіз және құрамында никотині бар электрондық темекі және никотинді жеткізудің электрондық жүйелері денсаулыққа бірдей қауіпті, оларды ұзақ уақыт пайдаланған кезде денсаулыққа темекі сияқты зиян келтіреді.