Спорт

Футзалдан Қазақстан құрамасы Черногорияны жеңді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінің матчы өтті, онда Қазақстан құрамасы Черногория құрамасымен кездесті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ойын барысында қазақстандықтар ойсырата жеңіп, ойын 7:0 есебімен аяқталды. Голдарды Дуглас (2-минут), Әбдірасул Әбдіманапұлы (4-ші), Арнольд Кнауб (15-ші), Альберт Ақбалықов (21-ші), Біржан Оразов (25-ші) және Азат Валиуллин (40-шы) соқты. Қазақстан құрамасы тоғыз ұпай жинап, негізгі кезеңнің 5-тобындағы көшбасшылығын нығайтты.

Командалардың қазіргі уақыттағы турнирлік кестесі:

Қазақстан — 9 ұпай (3 матч), Словения — 3 ұпай (2 матч), Черногория — 0 ұпай (3 матч).

Турнир ережесі бойынша командалар өз алаңында және сырт алаңда бір-бірімен бір матчтан өткізеді. Топтың он екі жеңімпазы мен үздік төрт екінші орын алған командасы тікелей элиталық раундқа өтуге мүмкіндік алады. Өз топтарында екінші орын алған тағы сегіз команда плей-офф кезеңіне шығады.

Қазақстан құрамасы топтағы соңғы ойынын 8 наурызда Словенияға қарсы өткізеді.